Қазақстан Ресейдің Ақтауда Бас консулдық ашу туралы келісім жобасын мақұлдады

Қазақстан Ресейдің Ақтауда Бас консулдық ашу туралы келісім жобасын мақұлдады.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ноталар алмасу түрінде жасалған Ресей Федерациясының Ақтау қаласында Бас консулдық ашу туралы келісім жобасы мақұлдансын», – делінген.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Үкіметі Ресей Федерациясының аталған консулдық мекемесін ашуына және оның Қазақстан аумағында консулдық қызметтерді орындауына қажетті барлық көмек пен мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Қазір оқып жатыр

Депутат «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды

«Дәмханаларда ит етінен тағам әзірленген»: Депутат ІІМ-ге жүгінетінін мәлімдеді

Алатауда аэротакси бағасы премиум таксимен шамалас болады

29 мамырда Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады