Қазақстан Ресей мен Беларусь Республикасына импорттық кедендік баж салығын уақытша рубльмен аударады

Мәжіліс 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Өзгерістер уақытша тетікті айқындауға қатысты. Оған сәйкес Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде ұлттық банктер арасындағы АҚШ долларымен есептелген қарсы міндеттемелердегі айырма сомасын тараптар ресей рублімен аударады.

Қазақстан, Армения және Қырғызстан үшін импорттық кедендік баждар бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлініп, есепке алынатын болады. Уақытша тетікті енгізуге Ресей және Беларусь елдерімен АҚШ долларымен есеп айырысудан бас тарту себеп болды.

Ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне кедендік төлемдердің үздіксіз түсуін қамтамасыз етеді. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті