5 августа 2024 г. 17:38

Қазақстан Ресей аумағында өтетін әскери жаттығуларға қатысады

Фото: ҰҚШҰ

Ресейдің Новосибирск облысында ҰҚШҰ-дың «Кобальт-2024» арнайы күштерімен оқу-жаттығу өтеді.

Алматы, NEGE. «2024 жылдың 12-16 тамызы аралығында Ресей гвардиясының Сібір округінің Горный полигонында (Новосибирск облысы) ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік ұйымының 2024 жылға арналған командалық-басқару органдары мен күштері мен құралымдарын бірлескен оқыту жоспарына сәйкес бірнеше кезең бойынша, Ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі әскерлердің, арнайы және есірткіге қарсы қызметтердің, сондай-ақ арнайы күштер құрамаларының құрамына кіретін авариялық-құтқару және өрт сөндіру құрылымдарының арнайы бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығулар өтеді», - делінген ҰҚШҰ жариялаған мәліметте. 

Мәліметтерге сәйкес, оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде ұйымға мүше мемлекеттердің құзырлы органдарының біріккен арнайы жасақ топтары оқу-жаттығу және қолданбалы жедел жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. 

Оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы жасақтары ұрысқа барынша жақын жағдайларда өзара іс-қимылды пысықтайды, бандалар мен лаңкестік топтарды залалсыздандыру бойынша арнайы операцияға қатысу тәжірибесі мен дағдыларын жинақтайды, сондай-ақ есірткі контрабандасының арналарына тосқауыл қою шаралары пысықталады.

Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде әскери қарудан тактикалық оқ ату бойынша жарыстар өткізіліп, арнайы мақсаттағы құрама бөлімшелердің жедел-жауынгерлік топтарының жүктелген міндеттерді шешудегі практикалық іс-әрекеттері сыналады.

Оқу-жаттығуға және оның қорытындысын шығаруға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысады.