Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға бидай мен ет жеткізуді ұлғайтады

Қазақстан Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөздерінің қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Сондай-ақ тараптар біздің елімізден ет және ет өнімдерін экспорттауға шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізгенін атап өтті.

«Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық. Қазір жалпы Қазақстан аумағы бойынша шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Азат Сұлтанов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті