Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Мажарстанға келді

Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен және Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.