Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді

Henley Passport Index нәтижесі шықты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан паспорты әлемдегі ең мықты паспорттар рейтингінде 61-орынға орналасты. Бұл туралы халықаралық Henley Passport Index деректерінде айтылған.

Индекс елдердің азаматтары визасыз бара алатын мемлекеттердің санына қарай жасалады. Қазақстан азаматтарына қазіргі таңда 79 елге визасыз кіру мүмкіндігі бар.

Қазақстан кімдерді басып озды?

Қазақстан рейтингте бірқатар ТМД және көршілес елдерден жоғары тұр:

  • Әзербайжан – 66-орын;
  • Армения – 69-орын;
  • Моңғолия – 70-орын;
  • Қырғызстан – 71-орын;
  • Өзбекстан – 72-орын;
  • Тәжікстан – 78-орын;
  • Түрікменстан – 84-орын.

 

Рейтингтің көшбасшылары

Жаңа тізімде Сингапур бірінші орында (193 ел), одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея (190 ел) тұр. Ал тізімнің соңына Ауғанстан, Ирак және Сирия паспорттары жайғасқан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді