Қазақстан Париж соты арқылы жол салмаған түрік компаниясынан 5,9 млрд теңгені қайтарып алды

2021 жылы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «F&A Road Construction» компаниясымен «Күрті-Бурылбайтал» жолын қайта жаңартуға келісімшарт жасады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Комитет техниканы жұмылдыру және материалдарды дайындау үшін 5,9 млрд теңге көлемінде аванс аударған. Түрік мердігері жұмысқа кіріспегендіктен келісімшарт 2022 жылы мамырда біржақты бұзылды.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі 2024 жылы «White & Case LLP» заң фирмасымен бірлесіп Париждегі Халықаралық сауда палатасының төрелік сотына өтініш берді.

Келісімге сәйкес түрік компаниясы 26 қыркүйекке дейін 5,9 млрд теңге авансты қайтарып, Әділет министрлігінің қызметтері үшін 280 мың доллар және төрелік жарнаның 85 мың доллар заңды шығындарын өтеуге міндеттенді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты