Қазақстан Париж Олимпиадасына қанша жолдама алады?

Париж жазғы Олимпиадасының басталуына алты айдан астам уақыт қалды. 

egemen

 Алматы, NEGE. 26 шілдеде жалауы желбірейтін дүбірлі додаға әлемнің 200-ден аса елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. 

Париж Олимпиадасында 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Әзірге Қазақстанға спорттың 8 түрі бойынша 17 лицензия бұйырды.

17 жолдаманы садақ ату, велошоссе, оқ ату, қазіргі бессайыс, грек-рим және еркін күрес, бокс, спорттық гимнастикадан иелендік.

Париж Олимпиадасына дейін 90-ға тарта лицензия таратылатын турнир бар. Бұл ретте, отандастарымыз көп жолдамаға қол жеткізіп, Франция төрінде жасындай жарқылдайды деген сенім мол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеді

7 трлн теңге дауы: банктерде тексеріс жүріп, заңбұзушылықтар анықталып жатыр