Қазақстан Паралимпия ойындарын жеңіспен бастады: Милана Красавцева ширек финалға өтті

Пара таеквондодан 52 кг салмақ дәрежесіндегі (К44 класс) Милана Красавцева іріктеу кезеңінде Доминикан Республикасының спортшысы Геральдо Диаспен кездесті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Келесі кезеңде біздің спортшы мексикалық Джессика Гарсия Куиджаномен кездеседі.