Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Қазақстанның Энергетика министрлігі елдің ОПЕК+ келісімінде қала беретінін мәлімдеді.

Энергетика министрлігі

Астана, NEGE. Kasatkin Consulting серіктесі Дмитрий Касаткин «Коммерсантъ» басылымына берген пікірінде Біріккен Араб Әмірліктері тәжірибесі альянсқа мүше басқа елдерге үлгі болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, кейбір мемлекеттердің ішкі экономикалық мақсаттары мен ОПЕК қойған шектеулердің арасында қарама-қайшылықтар бар. Мұндай елдердің қатарында Қазақстан мен Ирак аталды.

Алайда Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева қазіргі таңда Қазақстанның альянсқа қатысу форматын өзгерту мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін жеткізді.

Біріккен Араб Әмірліктері Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК және ОПЕК ) шығу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Бұл шешім 2026 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді. 

0

Қазір оқып жатыр

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады