Қазақстан олимпиада жүлдегерлеріне ең жоғары сыйақы беретін бес елдің қатарына енді

Париждегі Олимпиада жүлдегерлері үшін ең үлкен сыйақы берілетін елдер тізімі белгілі болды. Тізімді CNBC басылымы жасады.

forbes.com

Алматы, NEGE. CNBC басылымы Олимпиадаға қатысқан елдердің Ұлттық Олимпиада комитетінен, спорт қауымдастықтарынан ақпарат жинап, талдау жүргізген. Нәтижесінде, Париж Олимпиадасында жүлделі болған спортшыға ең қымбат сыйақы тағайындаған ел Гонконг болып шықты. Бұл мемлекетте алтын медаль үшін – 768 мың доллар, күміске – 384 мың доллар, қолаға – 192 мың доллар беріледі.

Фото: cnbc.com

Тізімде Қазақстан 5-орынға жайғасты. Елімізде алтын медаль жеңіп алған спортшы 250 мың доллар, күміс жүлдегер 150 мың доллар, ал қола жүлдегер 75 мың доллар алады. Қазақстан чемпиондарға беретін сыйақы мөлшері бойынша ТМД елдері арасында көш бастап тұр. 

 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?