Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстері аптасына 42-ге дейін артады

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және рейстер санын көбейту жөнінде келісімге келді. Бұл туралы ҚР Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Келісім Орталық Азия – Қытай (С5 1) форматындағы азаматтық авиация бойынша жұмыс тобының конференциясы аясында жүргізілген келіссөздерде қабылданды.

Жаңа келісімге сәйкес, екі елдің тағайындалған әуе компанияларына Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарында аптасына 42 рейске дейін орындауға рұқсат берілді. Ал басқа бағыттар бойынша аптасына 14 рейске дейін ұшуға мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, қос тарап тұрақты рейстерді орындайтын қосымша әуежайларды белгілеуге уағдаласты.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы авиация саласындағы әріптестік қарқынды дамып келеді. Мәселен, 2025 жылғы 3 шілдеден бастап Өзбекстанның My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы Ақтау – Нукус бағыты бойынша аптасына 2 рейс орындай бастады. Ал 15 шілдеден бастап Fly Arystan Атырау – Ташкент бағытына аптасына 3 рейс ашты.

Келіссөздер қорытындысында тараптар ынтымақтастықты жалғастырып, жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді