Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында қатынайтын әуе рейстері артты

Алматыда Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі келіссөз жүргізді, деп жазды kazinform.kz.

Азаматтық авиация комитеті

Алматы, NEGE. Қазақстан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесті.

Келіссөз нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.

Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Келіссөз барысында бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеу алынып тасталды, бұл бәсекені арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті