Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Бұл жөнінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен жүргізілген келіссөз қорытындысына арналған брифингте мәлімдеді.

Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, кездесу барысында Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісім жасалған.

«Жол екі ел арасындағы өзара байланыс көзі, тығыз қарым-қатынас кепілі екені белгілі. Біз бұл мәселенің аса өзекті екенін жақсы түсініп отырмыз. Сондықтан Хурэлсух мырза екеуіміз Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол ашуға мүдделі екенімізді растадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің мәлімдеуінше, осы мақсатта үкіметаралық жұмыс тобы құрылады. Аталған жұмыс тобы осы мәселе бойынша барлық түйткілді қарайды, көршілес елдермен келіссөздер жүргізеді және жалпы жобаның уақтылы орындалуын қадағалайды.

«Алдағы уақытта Қазақстан – Моңғолия автожолы елдеріміздің арасындағы сауда-саттықты арттыруға ерекше серпін беретіні анық. Бұл жолдың игілігін іргелес елдер де көретін болады», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті «Астана – Ұлан-Батыр» әуе қатынасы қайта ашылатынын, бұған қоса, «Өскемен – Өлгей» бағыты бойынша әуе қатынасы орнатылатынын атап өтті.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін