Қазақстан мен Әзербайжан бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Төраға Алмасадам Сәтқалиев пен Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі Парвиз Шахбазовтың жұмыс кездесуі өтті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті.

Негізгі назар атом өнеркәсібі және ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға аударылды.

Тараптар мына мәселелерді қарастырды:

• атом саласын реттеу және қадағалау тәжірибесімен алмасу;

• ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

• экологиялық мониторинг пен радиоактивті материалдарды басқару;

• мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру;

• заманауи технологияларды енгізу және әртараптандыру перспективалары.

«Қазақстан мен Әзербайжан – бауырлас елдер. Бізді тарихи байланыстар мен қауіпсіз әрі бейбіт атом энергетикасын дамытуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Тәжірибе алмасуды жалғастырып, мемлекеттеріміз бен өңірдің игілігі үшін ынтымақтастықты күшейтуге ниеттіміз», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Кездесу қорытындысында тараптар әріптестік қатынастарды тереңдетуге мүдделілік танытып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін растады.

Қазір оқып жатыр

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті