2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасының сырт алаңда өтетін Фарер аралдары және Словакия құрамаларына қарсы матчтарына қатыса алмайды.

kff.kz

Астана, NEGE. Самородовтың Ұлттық құраманың өз алаңында Молдова және Фарер аралдары құрамаларына қарсы өтетін ойындарына қатысуы не қатыспауы әзірге белгісіз, ол құраманың медициналық штабының бақылауында болады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

Бұған дейін жарақатына байланысты Дастан Сатпаев, Ислам Чесноков және Әлібек Қасым Ұлттар лигасындағы матчтарда ұлттық құрамаға көмектесе алмайтыны белгілі болған еді. Бұл тізімдегі Қасымнан басқалары – шабуыл шебінің ойыншылары.

Ұлттар лигасының жаңа маусымында Қазақстан құрамасы C дивизионының 3-тобында өнер көрсетеді. Құраманың қарсыластары – Словакия, Фарер аралдары және Молдова.

Бұл матчтардың маңызы тек ойын нәтижесімен шектелмейді. Қазіргі турнирдің қорытындысы Ұлттар лигасындағы ауқымды реформадан кейін Қазақстан құрамасының қай дивизионда өнер көрсететінін анықтайды. 2028/29 маусымынан бастап төрт лиганың орнына үш лига қалады. Әр дивизионда 18 ұлттық құрама болады.