Қазақстан құрамасының ойыншысы Айбол Әбікен «Ордабасы» сапынан кетті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен командамен арадағы келісімшартты үзді. Бұл жөнінде шымкенттік клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚФФ

Алматы, NEGE. Қазақстан Премьер лигасының 2024 жылғы маусымында Айбол шымкенттік команда сапында 25 ойын өткізді.

Алматы қаласында дүниеге келген футболшы бұған дейін «Қайрат» және «Ақсу» клубтарының намысын қорғап үлгерді. 2020 жылы алматылық «Қайрат» командасының сапында ел чемпионы болды. Ал 2017, 2018, 2019 жылдарда күміс, 2021 жылы қола жүлдеге қол жеткізді.

2022 жылдың жаз айында ол допинг дауына ілігіп, 4 жылға футболдан шеттетілді. Дегенмен оның жазасы жеңілдетіліп, екі жылға шегерілді. 2024 жылдың сәуір айында Әбікен «Ордабасы» футбол клубының жейдесін киді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?