Қазақстан құрамасының қоржынына қысқы Олимпиаданың алғашқы жолдамасы түсті

Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама мүшесі Софья Самоделкина өзінің алғашқы әлем чемпионатында бақ сынап, нәтижесінде әлемнің ең үздік 20 мәнерлеп сырғанаушысының қатарына кірді, деп хабарлады Zakon.kz.

С.Самоделькинаның инстаграм парақшасынан

Алматы, NEGE. Осылайша, Софья Самоделкина Қазақстан құрамасынан бірінші болып 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатындағы әйелдер бәсекесіне араға алты жыл салып ұлттық құрама мүшесі алғаш рет қатысты. Жарыстың еркін бағдарламасында 24 спортшы бақ сынап, әлем чемпионы атағын және қысқы Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін сынға түсті.

Айта кетейік, Софья Самоделкина жуырда Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында да өнер көрсетіп, қола жүлдеге бір қадам жетпей, ақ Азиаданы 4-орынмен аяқтаған еді.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті