Қазақстан құрамасы United Сup турнирінің финалына шыға алмады

Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралиядағы United Cup турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Will Russell/Getty Images

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Польшаға қарсы ойнады.

Ұлттық командадан алғаш болып Александр Шевченко жарыс алаңына шығып, қарсыласы Хуберт Хуркачтан 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен шеберлік байқасып, екі сетте де есе жіберді (7:6, 6:4). Осылайша Қазақстан құрамасы United Cup турнирін аяқтады.

Еске салайық, Қазақстан командасы топтық кезеңде Испанияны (2:1) және Грекияны (3:0) жеңді, ал ширек финалда Германиямен болған кездесуде басым түсті (2:1). Польша құрамасы да өз тобында екі матчта жеңіске жетті — Норвегияны (2:1) және Чехияны (2:1) ұтты. Ал ширек финалда Ұлыбританияны сенімді түрде жеңді (3:0). 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?