Қазақстан құрамасы таеквондодан Bulgaria Open турнирінде 14 медаль жеңіп алды

Таеквондодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан Bulgaria Open халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Алтын жүлдені Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін) иеленді. Финалда ол Греция спортшысы Хараламбос Флускоунистан басым түсті.

Күміс медальді жеңіп алғандар: Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Әзірет Дүйсенбек (54 келіге дейін), Бектөре Оралханов (58 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін), Нұрлан Мырзабаев (87 келіге дейін).

Қола жүлдегерлер: Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Артур Серік (54 келіге дейін), Нұрай Қазынабек (57 келіге дейін), Камила Аймұқашева (62 келіге дейін), Аманбол Бегімбетов (63 келіге дейін), Дамир Шүленов (68 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін)

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді