Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан командалық көпсайыста қола жүлдегер атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE: Жүлдені Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзізов пен Әлішер Тойбазаров иеленді. Олар жалпы 240.301 ұпай жинады.

Бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002 ұпай), ал екінші орынды Қытай құрамасы (248.265 ұпай) иеленді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр