Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Базельде (Швейцария) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының финалына дейін жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Командалық жарыста еліміздің намысын Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов және Георгий Тинников қорғады. Жартылай финалда қазақстандық шпагашылар Швеция құрамасынан басым түсті.

Ал алтын медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Мысыр спортшыларына есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үшінші орын алған еді. Сонымен қатар жекелей сында Софья Ақтаева жеңімпаз атанды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді