Қазақстан құрамасы шаңғымен трамплиннен секіруден Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетуін аяқтады

Қазақстан құрамасы шаңғымен трамплиннен секіруден Польшаның Закопане қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетуін аяқтады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Ілияс Мизерных пен Данил Васильев іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, негізгі жарысқа жолдама алған болатын.

Нәтижесінде, Мизерных турнирді 43-орынмен аяқтады. Ал Васильев киім ережесін (комбинезон) бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді.

Сондай-ақ, Қазақстан командалық жарысқа қатысып, он құраманың ішінде тоғызыншы нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ