2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Семсер қаруымен айқасудың ширек финалында отандастарымыз Италия құрамасынан басым түсті.

Тартысты өткен кездесуде қазақстандықтар 45:43 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Қытайды, ал 1/16 финалда Ресей құрамасын жеңген болатын.

Жартылай финалда жерлестеріміз Жапониямен кездеседі.