Қазақстан құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас жұптар жарысындағы өнерін аяқтады

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстың соңғы матчын өткізді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Топтық кезеңдегі соңғы ойында қазақстандық керлингшілер Филиппин құрамасымен кездесті. Келесі кезеңге өту үшін тек жеңіс қажет болды.

Алайда, Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев 2:11 есебімен қарсыластарына есе жіберді.

Осылайша, олар B тобында төртінші орынды иеленіп, плей-офф кезеңіне өте алмады. Еске сала кетейік, келесі кезеңге тек үздік үш команда жолдама алды. Бірінші орынды иеленген Қытай құрамасы тікелей жартылай финалға өтті, ал екінші және үшінші орын алған Филиппин мен Оңтүстік Корея командалары А тобының үздіктерімен 1/2 финалға шығу үшін бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады