Қазақстан құрамасы футболдан Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді

«Астана Аренада» футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі кезекті матч өтті. Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасымен өзара бақ сынады.

ҚФФ

Алматы, NEGE. Бірінші таймда Қазақстан құрамасы 2: 0 есебімен суырылып алға шықты.

26-минутта Ғалымжан Кенжебек, ал 28-минутта Бақтияр Зайнутдинов гол соқты.

Талғат Байсуфинов бастаған команда Лихтенштейнге қарсы ойынға келесі құрамда шықты: Сейсен, Қайыров, Қасым, Әліп, Вороговский, Зайнутдинов, Қуат, Самородов, Оразов, Кенжебек, Чесноков.

Екінші тайм қазақстандықтардың шабуылынан басталды, Ғалымжан Кенжебек қарсыластар қақпасына тағы бір әдемі гол соқты, ойынды Қасымның добы тәмамдады. Есеп – 4:0.

Қазақстан-Лихтенштейн - 4: 0 (2: 0):

  • Кенжебек 26 (1: 0),
  • Зайнутдинов 28 (2: 0),
  • Кенжебек 59 (3: 0),
  • Қасым 81 (4:0).

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды