Қазақстан құрамасы дзюдодан Душанбе қаласында өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Grand Slam санатындағы турнирге қатысады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ауқымды халықаралық жарыс 1–3 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтеді.

Еліміздің намысын сегіз спортшы қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметіне сәйкес, медаль үшін төмендегі дзюдошылар күреседі:

– Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін)

– Алдияр Қарағұлов (60 келіге дейін)

– Нұрмұхаммет Ботабай (66 келіге дейін)

– Ықылас Әлсейіт (73 келіге дейін)

– Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін)

– Досхан Жолжақынов (81 келіге дейін)

– Ермұхан Естай (100 келіге дейін)

– Мұхаммедәли Мавлидов (100 келіге дейін)

Жалпы аталмыш турнирге 200-ден астам спортшы қатысады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды