28 апреля 2025 г. 18:17

Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Фото: Дзюдо

Қазақстан құрамасы дзюдодан Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатын аяқтады.

Алматы, NEGE. Қазақстандық дзюдошылар командалық жарыстарда үшінші орын үшін бақ сынады. Алайда, жеңіс тұғырынан көріне алмады.

Құрама Оңтүстік Кореяға 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал екінші қола үшін күрес Тәжікстан мен Моңғолия арасында өтеді. Финалда Өзбекстан мен Жапония татами үстінде кездеседі.

Осылайша, чемпионатта қазақстандықтар төрт медаль жеңіп алды. Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) және Мейірлан Максим (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.