Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды

Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында есеп 3:0-ге тең болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты.

Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек