Қазақстан құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарында алтын және күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарында екі медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Харбиндегі (Қытай) жарыстың спринт сайысында төрт қазақстандық спортшы бақ сынады. Нәтижесінде Владислав Киреев алтын медаль жеңіп алды. Одан кейін Вадим Куралес мәре сызығын кесіп, күміс жүлдеге ие болды. Айта кетейік, ол биылғы маусымда ғана негізгі құрамда өнер көрсете бастады.

Үшінші орынды қытайлық Гу Цан иеленді.

Ал Әсет Дүйсенов алтыншы, Александр Мухин жетінші орынға тұрақтады.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған