Қазақстан кубогында үздік семсерлесушілер анықталды

Қарағандыда семсерлесуден Қазақстан кубогы аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жекелей сайыста соңғы медальдар семсерлесуші спортшылар арасында сарапқа салынды.

Ерлер арасында Қарағанды облысының өкілі Артем Саркисян жеңіске жетті. Екінші орынды алматылық Жанат Нәбиев еншілесе, қола медаль Артур Чупраков (Шымкент) пен алматылық Бексұлтан Абжалға бұйырды.

Әйелдер арасында өткен сайыста шымкенттік Татьяна Приходько топ жарды. Алматылық Карина Доспай екінші орын алды. Үшінші орынға Әйгерім Сарыбай (Алматы) мен Қарағанды облысының спортшысы Жасмин Қапыджы көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты