Қазақстан қоржынына Азия ойындарының үшінші медалі түсті

Спорт және туризм министрлігі Константин Борцов – IX қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлады.

Спорт министрлігі

Алматы, NEGE. Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринтте қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Константин Борцов 2:58.28 секунд уақыт көрсеткішімен қолаға қол жеткізді.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына Азия ойындарының екінші медалі түскен болатын. Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин (9.47) күміс жүлдені иеленді.

Тағы бір отандасымыз Алтай Жәрдембекұлы 4-ші орыннан көрінсе, Артур Ғалиев 12-ші орын, Никита Важенин 15-ші орынға тұрақтады.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған