Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды

Сингапурде өткен Азия чемпионатында №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің құрамасы көпсайыс бағдарламасында алтын медальға ие болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.

ҚР СТМ Спорт комитеті

АЛМАТЫ, NEGE. Бұл жетістік — Қазақстанның көркем гимнастика тарихындағы тұңғыш алтын жүлде болып отыр.

Жеңімпаз команда құрамы:

  • Жасмин Жүнісбаева

  • Кристина Чепульская

  • Аида Хакимжанова

  • Айзере Кеңес

  • Айзере Нұрмағамбетова

  • Мадина Мырзабай

Жеке бапкері: Балғынбаева Меруерт Төлегенқызы
Хореографы: Оспанбаев Шыңғыс Әсетұлы

Министрлік бұл тарихи жетістікке орай:

«Тарихи жеңіс құтты болсын! Біз сіздермен мақтанамыз!» — деп ресми құттықтау жолдады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?