Қазақстан қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Елордада Қазақстан қазіргі бессайыс федерациясының жиыны өтті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараға Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас директоры Нұрлан Нөгербек, федерацияның вице-президенті Юрий Соловьев, атқарушы директоры Замир Ихсанғалиев, бас хатшы Леонид Зимарев және өңірлік филиал басшылары қатысты.

Жиынның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Соның ішінде ең негізгісі – федерация президентін сайлау. Жиынға қатысушылар, облыстық федерация басшылары мен спорт қауымдастығының өкілдері президенттікке ұсынылған Арман Жаркеевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Министрлік өз тарапынан федерация бастамаларын, спорттық инфрақұрылымды дамытуға, кадрлар даярлауға және отандық спортшылардың ірі халықаралық жарыстарға қатысуына бағытталған жұмыстарды жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?