2 августа 2025 г. 9:14

Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады?

Фото: Ғаламтордан
Қазгидромет ауа райына байланысты болжамын жариялады. 

Алматы, NEGE. Сенбі, 2 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде күн күркіреп, жауын жауады, кей жерлерде бұршақ жауады, секундына 28 метрге дейін екпінді жел соғады деп болжанып отыр. Оңтүстік және батыс облыстарда +40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды «Қазгидрометк

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен түнде екпіні 9-14, күндіз 15-23 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +22...+24.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан түнде 3–8 жел соғады, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +34...+36.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +35...+37.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 6–11 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +28...+30.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +23...+25.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан түнде 9–14, күндіз 15–20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +22...+24.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +25...+27.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +22...+24.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +27...+29.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +28...+30.

Семейде көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33.

Таразда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, түнде жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +29...+31.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +26...+28.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +23...+25.