Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді

Бұл жөнінде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Үкіметінің қаулысына сәйкес, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, Иранға көмек жөнелтті. 

Иран Ислам Республикасына барлығы 30 вагон болатын тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер жіберілді. Гуманитарлық жүк Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына беріледі.

Агенттік өкілдері Қазақстан халқынан достас Иран халқына берілетін гуманитарлық көмек  жақын көршілік қарым-қатынастарды нығайту және өзара қолдауды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Ғазиз Әбішев: Қазақстан мен Түркия бір-біріне не үшін қажет?