2 марта 2026 г. 17:19
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
1 ақпандағы мәлімет бойынша, еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы – табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен», – делінген ресми ақпаратта.
Статистикаға сәйкес, қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.
Еске салсақ, Қазақстанда халық саны 20 миллион адамға 2023 жылғы қарашада жетті.