Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Алматы облысында мамырдың алғашқы күндерінде мәдени, спорттық және жастарға арналған іс-шаралар өтеді. Өңір тұрғындары мен қонақтарын концерттер, фестивальдар, турнирлер, жарыстар және халықтық серуендер күтіп тұр.

Алматы облысының баспасөз қызметі

Қонаев қаласы

  • 1 мамыр, 09:00 – Орталық саябақта Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды велошеру өтеді.
  • 1 мамыр, 09:30 – Орталық алаңда «Бірлік» фестивалі басталып, концерттік бағдарлама мен халықтық серуендер ұйымдастырылады.
  • 1–3 мамыр, 12:00 – ASP Club-та SHAKEFEST x ASP ауқымды фестивалі ұйымдастырылады: диджейлер, картинг, дрифт, бассейн, after party, фуд-аймақ және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары болады.
  • 1–3 мамыр, 10:00–18:00 Таңбалы тас аумағында Tengri Ultra 2026 трейлраннинг бойынша халықаралық жарыс өтеді.
  • 1–4 мамыр, 10:00–18:00 Спортты дамыту дирекциясында ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан чемпионат өтеді.

Қарасай ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Қаскелең қаласының Орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама өтеді.
  • 5–6 мамыр, 09:00 Қаскелең қаласындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Ұстаз Барысы – 2026» қазақ күресінен турнир ұйымдастырылады.

Талғар ауданы

  • 1–3 мамыр, 09:00–18:00 – Талғар қаласындағы №2 БЖСМ-де жас спортшылар арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді.
  • 5–9 мамыр, 09:00 Талғар қаласы Рысқұлов көшесі 68а мекенжайында Есет Нүсіпановты еске алуға арналған бокстан республикалық ашық турнир өтеді.

Еңбекшіқазақ ауданы

  • 1 мамыр, 10:00  Есік қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы Жастар саябағында концерттік бағдарлама және этномәдени орталықтардың көрмесі өтеді.
  • 2 мамыр, 12:00 – Қаракемер ауылында көкпар алаңында жарыс ұйымдастырылады.
  • 4–6 мамыр, 09:00–18:00 – Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде балалар арасында асық атудан чемпионат өтеді.
  • 5 мамыр, 18:00 – Шелек ауылындағы саябақ алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған PatriOt Fest гала-концерті өтеді.

Кеген ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 Кеген ауылының Орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мәдени-көпшілік іс-шара өтеді.
  • 2 мамыр, 13:00 – Кеген ауылындағы Мәдениет үйінде «Тәңіртау таланттары» облыстық байқауы ұйымдастырылады.
  • 4–6 мамыр, 10:00–15:00 Ж. Ермегияев атындағы мектепте педагогтар арасында шағын футболдан турнир өтеді.

Іле ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 Өтеген батыр кентінің стадионында «Достық алаңы» футбол турнирі өтеді.
  • 1 мамыр, 10:00 Орталық стадион мен Арбатта «Бірлікте – біздің күшіміз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.
  • 2–3 мамыр, 09:00–18:00 – №18 орта мектепте жастар, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан чемпионат өтеді.

Ұйғыр ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 Шонжы ауылының Орталық алаңында мерекелік мәдени іс-шара өтеді.
  • 1–3 мамыр, 09:00–18:00 – Шонжыдағы БЖСМ-де балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтеді.

Жамбыл ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 Ұзынағаш ауылының Орталық алаңында «Отаным – ортақ мекенім» атты мерекелік шара өтеді.
  • 1 мамыр, 10:00 Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде «Бейбітшілік бесігі» концерті ұйымдастырылады.
  • 6 мамыр, 10:00 Бауыржан Момышұлы атындағы №28237 әскери бөлімінде «Ерлік» жобасы аясында жастарға арналған ашық есік күні өтеді.

Райымбек ауданы

  • 1 мамыр, 11:00 Нарынқол ауылындағы Жастар саябағында «Бірлігіміз жарасқан» атты салтанатты шара өтеді.
  • 1 мамыр, 11:00 – Нарынқол ауылындағы Мәдениет үйінде «Бірлік пен достық» сурет байқауы ұйымдастырылады.

Балқаш ауданы

  • 1 мамыр, 11:00 Бақанас ауылындағы Мәдениет үйінде «Қазақстан – татулықтың мекені» атты мәдени іс-шара өтеді.

Алатау қаласы

  • 1 мамыр, 09:00 Орталық алаңда «Ұлттар достығының ұлы мерекесі» атты мерекелік концерт өтеді.
  • 2–9 мамыр, 08:00–18:00  Асанов атындағы атқыштар клубында стендтік атудан Әлем кубогы ұйымдастырылады.