Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды

Вунгтауда (Вьетнам) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық «классиктер» алты жүлде жеңіп алды, оның үшеуі - алтын.

Азия чемпионатының жеңімпаздары атанғандар: Исхар Құрбаев (60 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Ақжан Ықыласов (77 келіге дейін).

Юсуф Мациев (97 келіге дейін) пен Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Диас Қалтай (82 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған