Қазақстан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады

Алматыда фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы бұл жарыста төрт медаль жеңіп алды.

Могулдан Анастасия Городко командаға екі жүлде әкелді. Ол параллельді могулда алтын және могулда күміс медаль иегері атанды.

Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалық жарыста екінші орын алды.

Фристайл-акробатикадан Дінмұхаммед Райымқұлов чемпионатта тарихи жетістікке жетті. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орынға көтерілген алғашқы қазақстандық атанды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды