Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының медальдық есебінде екінші орында тұр

Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасына екінші медаль әкелді, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. 8 қаңтарда спортшы параллель могулда алтын медаль жеңіп алды. Ал бір күн бұрын Городко жекелей сында екінші орынға ие болған еді.

Бұл Қазақстанның медальдық есепте екінші орынға нық бекітілуіне мүмкіндік берді. Ұлттық құрамадан жоғары Жапония орналасқан, олардың еншісінде екі алтын және бір қола медаль бар. Үздік үштікті бір алтынмен Чехия аяқтайды.

Айта кетейік, 9 қаңтарда аралас командалар арасында жарыстар өтеді.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады