Қазақстан фристайл-акробатикадан әлем чемпионатында жетінші орын алды

27 наурызда Швейцарияның Энгадин қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында фристайл-акробатикадан жарыстар басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл спорт түріндегі алғашқы медальдар аралас командалық сайыста сарапқа салынды.

Бұл жарыста Қазақстан намысын Аяна Жолдас, Дінмұхаммед Райымқұлов және Асан Асылхан қорғады. Отандастарымыз жалпы есепте жетінші орынға ие болды.

АҚШ құрамасы жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Украина, ал Швейцария үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы, сайысқа жеті команда қатысты.

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі