Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы өтіп жатыр.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандастарымыз жартылай финалға дейін жетті. Алайда, Оңтүстік Кореяға 1-2 есебімен жол берді.

Ал, қола жүлде үшін өткен айқаста қазақстандықтар Марокко спортшыларын 2-1 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан жыл соңында өтетін Әлем кубогына жолдама алды.

Сондай-ақ, әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандастарымыз қытайлықтарға 2:0 есебімен жол берді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?