Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына бірінші орынмен шықты

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топтық кезеңнен сәтті өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ұлттық құрама төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Төртінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Таиланд командасынан 22:4 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде Қазақстан В тобында бірінші орынға ие болды.

1/4 финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?