Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші орынға ие болды

Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші орынға көтерілді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Биатлоншылар эстафеталық жарыста екінші нәтижені көрсетті. Медальді елімізге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев әкелді.

Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алса, үшінші орын Қытайға бұйырды.

Айта кетейік, Қазақстан биатлоншылары Азия ойындарын төрт медальмен аяқтады. Владислав Киреев спринтте бірінші орын алды. Бұл санатта Вадим Куралес күміс медаль еншіледі. Әйелдер құрамасы эстафетада үшінші орын алса, ерлер құрамасы екінші болды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді