Қазақстан еркін күрестен Гран-при турнирінде екі алтын медальға иеленді

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова Францияның Ницца қаласында өткен Анри Деглан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Аталмыш жарыста Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Бұл турнир спортшылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болды.

Айта кетейік, өткен жылы Гүлдана Бекеш жастар арасында Азия чемпионатында қола медаль еншілесе, Эльмира Сыздықова 2024 жылы ересектер арасында құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін