«Қазақстан елшісі де болған» – Пәкістанда елшілер кортежін алып жүрген полиция көлігі жарылды

Пәкістанның Хайбер-Путунхва провинциясында 12 мемлекеттің елшісі отырған кортежді алып жүрген полиция көлігі минаға тап болып, жарылған. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олардың қатарында Қазақстан елшісі де болғанын ІІМ ресми өкілі растады.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, Хайбер-Путунхва провинциясында елшілер мінген кортеж колоннасын алып бара жатқан полиция көлігі минаны басып кетіп, жарылыс болған. Колонна сапында Қазақстан, Ресей, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан, Иран секілді 12 елдің елшісі отырған.

Жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, үшеуі зардап шеккен. Дипломатиялық корпус аман-есен ел астанасы Исламабадқа оралған. Олар Сват қаласына туризм мәселелері бойынша конференцияға бара жатқан.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды