2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында тағы екі жүлде жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Мұхаммедәлі Жылқайдар Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды.

IJF

Алматы, NEGE. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші кездесуде Жылқайдар Ресей спортшысы Рахим Хамхоевке жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Сол салмақ дәрежесінде Ролан Қайрғали канадалық Анечка Матиды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында төрт жүлде бар: бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медальді, ал Арман Мыса (50 келіге дейін) қола жүлдені иеленген болатын.