Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды
Алматы, NEGE. Аталған құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаһандық киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
ҚР ІІМ Конвенция жобасын әзірлеу барысында ұлттық мүдделерді ұстана отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар енгізіп, белсенді жұмыс атқарды.
Конвенцияға қол қою Қазақстанның цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқатерлерге қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіру және киберқауіпсіздік саласында басқа елдермен әріптестікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асырудағы маңызды қадам болды.
Конвенцияға қосылу Қазақстанға:
басқа елдермен электрондық дәлелдемелермен жедел алмасуға;
трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу кезінде тиімді өзара іс-қимыл жасауға;
азаматтарды интернет-алаяқтықтан, кибершабуылдардан және цифрлық кеңістіктегі өзге де қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.