2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қазақстан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын екі жеңіспен бастады

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты басталды.

olympic.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері екі жекпе-жек өткізді.

Әр жекпе-жекте біздің спортшылар жеңіске жетті. 50 келі салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекова кениялық Вероника Нзиваны жеңсе, 81 келіден жоғары санатта Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтин Сотимбоевадан басым түсті.

10 наурызда шаршы алаңға Анита Әдішева (52 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі) шығады.